Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 маусымдағы N 673 қаулысы

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Сот тәжірибесінде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделділігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы N 6  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) қаулының атауындағы "Соты Пленумының қаулысы" деген сөздер "Сотының нормативтік қаулысы" деген сөздермен, "азаматтардың" деген сөз "жеке тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін, шындыққа жанаспайтын мәліметтердің таралуына жол бермеуге бағытталған заңмен көзделген әдістер жеке мүліктік емес құқықтар мен игіліктерді қорғаудың әсерлі құралы болып табылады.
      Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың ар-намысын, абыройын және іскерлік беделін қорғау жөніндегі заңдардың біркелкі қолданылуы мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:";

      3) 2-тармақтың бірінші абзацындағы "Азаматтық Кодекстің 7 бабы бойынша" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 141, 143-баптарымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 24 және 152-баптарымен көзделген тәртіпте және негіздер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 3-тармақтағы "АК-нің 7-бабындағы тәртіппен" деген сөздер "АІЖК-нің 24-бабында және АК-нің 143-бабында көзделген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 4-тармақтағы "үшінші бабы" деген сөздер "8-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 5-тармақтағы "31-бабының 1-бөлімі, 38-бабының 1-бөлімі" деген сөздер "55-бабының үшінші бөлігі, 56-бабы, 150-бабының төртінші бөлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 6-тармақта:
      "9, 143-баптарының" деген сөздер "9 және 143-баптарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "118-бабының 1-бөлігінде немесе 119-бабында" деген сөздер "129 немесе 130-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын; "ҚІЖК-нің 89-бабы" деген сөздер "ҚІЖК-нің 390-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 7-тармақтағы "АК 143-бабына" деген сөздер "АК-нің 143-бабының 2-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 8-тармақтағы "АК 143-бабының" деген сөздер "АК-нің 141-бабы 3-тармағының және 143-бабы 1-тармағының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 9-тармақта:
      бірінші абзацтағы "(Қазақстан Республикасының "Баспа және басқада жаппай хабарлау мекемесі туралы" Заңының 41-бабы)" деген сөздер алынып тасталсын;

      "сот АІЖК-інің 26 бабының ыңғайына қарай іске жауапкер ретінде, жаппай хабарлау мекемесімен қатар, сол мәлімдеменің шыққан қайнары болған мекемені немесе жеке адамды жауаптылыққа тартуы керек" деген сөздер "соттар АІЖК-нің 50 және 51-баптарына сәйкес іске жауапкер ретінде, жаппай хабарлау мекемесімен қатар, сол мәлімдеменің шыққан қайнары болған мекемені немесе жеке адамды жауаптылыққа тартуы мүмкін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "(АІЖК-нің 25-бабы)" деген сөздер "(АІЖК-нің 50-бабы)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 10-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;

      12) 15-тармақтың бірінші абзацындағы "сот оны бұзушыға АІЖК-нің 406-бабында көрсетілген шамаға сәйкес мемлекет пайдасына өндірілетін штраф (жаза) салады" деген сөздер "жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтірген жауапкер заң актілерімен көзделген ретте әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының  4-бабына  сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы