Қазақстан Республикасының қаржы жүйесiн реформалау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 маусымдағы N 630 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.06. N 434 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 852 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Сайлаушылардың тiзiмiн жасаудың, дауыс берудi өткiзудiң, дауыс беру қорытындыларын айқындаудың және сайлау нәтижелерiн анықтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн енгiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегі N 1063 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 359-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiнде:
      6-тармақтың бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "берiлген күнi, қолданылу мерзiмi, жеке куәлiктiң коды және штрих-коды көрсетіледi.";
      28-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Азаматтарды тiркеу тұрақты тұрғылықты жерi бойынша, оның iшiнде тұрғын үйлерде, пәтерлерде, жатақханаларда, қонақ үйлерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, профилакторийлерде, емдеу мекемелерiнде, саяжай бау-бақша серiктестiктерi мен кооперативтерiнiң тұрғын үй құрылыстарында, интернат-үйлерiнде, тұрғын үйге бейiмделген қызметтік ғимараттарда жүзеге асырылады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi