Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегі N 1063 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 626 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысымен

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Философия және саясаттану институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2004-2005 жылдарға арналған ішкі саясат саласындағы процестерге іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу үшін сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар қызметтер көрсетуді беруші болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жасалуын;
      қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алу үшін осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаның оңтайлы және тиімді жұмсалуы қағидатының сақталуын;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі