Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 шiлдедегi N 850 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 мамырдағы N 502 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 20 ақпандағы № 96 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.02.2026 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңына және "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы жекелеген ұйымдардың мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1431 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Республикалық микроорганизмдер коллекциясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 шiлдедегi N 850 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 25, 267-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

      2-тармақтың үшiншi абзацындағы "М. Айқымбаев атындағы карантиндiк және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдiснама ұлттық орталығы" мемлекеттiк мекемесi" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі