Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 сәуірдегі N 437 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi)  250-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнде (Салық кодексi) белгіленген тәртіппен есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталған жабдықтардың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлігі жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндiрiстік мұқтаждар үшiн әкелiнетiн қосалқы бөлшектердің тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269  қаулысына мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы  Кодексінде (Салық кодексi) белгіленген тәртіппен есепке алу әдiсiмен төленетін импортталатын жабдықтардың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлiгі жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндiрiстiк мұқтаждар үшiн әкелiнетiн қосалқы бөлшектердiң тiзбесi:
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 28-1, 40-1, 41-1, 54-1-жолдармен толықтырылсын:
"28-1 Қуаты 20000 кВт-тан жоғары, бiрақ 50000 кВт-тан 8411829309
аспайтын өзге де газ турбиналары
40-1 Көп сатылы өзге де турбокомпрессорлар            8414802900
41-1 Көлемдi роторлы көп бiлiктi винттiк өзге де      8414807100
     компрессорлар
54-1 Өзге де газды сүзуге немесе тазартуға арналған   8421399800
     өзге де жабдықтар                                        ".

      2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі