Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегі 2003-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы N 287 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Социалистік Халық Ливия Араб Жамахириясында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын ашу туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Ұлы Социалистік Халық Ливия Араб Жамахириясында Қазақстан
Республикасының Дипломатиялық миссиясын ашу туралы

      Қазақстан Республикасының халықаралық және ұлттық мүдделерін ескере отырып, әр түрлі салалардағы Қазақстан-Ливия ынтымақтастығын нығайту және дамыту мақсатында қаулы етемін:
      1. Триполи қаласында (Ұлы Социалистік Халық Ливия Араб Жамахириясы) Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы ашылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті