Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы N 279 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Болгария Республикасында Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясын ашу туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Болгария Республикасында Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясын ашу туралы

      Қазақстан Республикасының халықаралық және ұлттық мүдделерін ескере отырып, әртүрлі салалардағы қазақстан-болгария ынтымақтастығын нығайту және дамыту мақсатында қаулы етемін:
      1. София қаласында (Болгария Республикасы) Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясы ашылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті