Индустриялық-инновациялық саясаттың бiрiншi кезектегi мiндеттерiн iске асыру жөнiндегі 2004 жылға арналған iс-қимыл жоспарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 наурыздағы N 256 қаулысы

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009.07.28 N 237-ө бұйрығымен.

      Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң тәртiбiн нақтылау мақсатында бұйырамын:

      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң "Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1782 тiркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенiнде жарияланған, 2002 жыл, N 18, 592-құжат), 2002 жылғы 11 сәуiрдегi N 78-ө (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1821 тiркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенiнде жарияланған, 2002 жыл, N 21, 619-құжат), 2002 жылғы 23 қазандағы N 246-ө (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 2061 тiркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенiнде жарияланған, 2003 жыл, N 3, 776-құжат) бұйрықтармен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген бұйрығына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң ережесiнде:
      10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде бала тууына байланысты берiлетiн бiржолғы мемлекеттiк жәрдемақы, жерлеуге берiлетiн бiржолғы жәрдемақы түрiндегi табыстар есепке алынбайды." деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасы
      Статистика жөніндегі
      агенттігінің Төрағасы