"Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру жөніндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің 2001 жылғы 2 шілдедегi N 51-ө  өкiмiне мынадай өзгерiс енгізілсін:
      көрсетiлген өкiммен бекiтiлген Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкіметi кесiмдерiнің тiзбесінде:
      "Үкiмет кесiмiмен реттелуге тиiстi қатынастар" деген бағанның реттік нөмiрi 10-жолындағы бiріншi абзац алынып тасталсын.

      Премьер-Министр