Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Мұрагерлік жөніндегі заңдарды соттардың қолдануындағы кейбір мәселелер туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы N 7 қаулысына (Пленумның 2000 жылғы 22 желтоқсандағы N 18 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енг

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 11 Нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 2 нормативтік қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.05.05 № 253 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      "Авиация қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 шілдедегі N 746-қбпү қаулысының 16 тармағының 5 абзацына, "Қазақстан Республикасы Азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік нұсқаулық-бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 12 қарашадағы N 523-ҚПҮБ бұйрығының 11 тармағының 5 абзацына сәйкес, Бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған, Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары және мамандары лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті, Ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік авиациялық қадағалау басқармасының бастығы А.Б.Жолдыбаевқа жүктелсін.
      3. Аталған бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

      Төраға

"Қазақстан Республикасы Азаматтық 
авиация ұйымдарының авиациялық  
қауіпсіздік қызметінің басшылары 
және мамандары лауазымдарының   
тізбесін бекіту туралы"      
Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникациялар министрлігінің  
Азаматтық авиация комитеті     
төрағасының 2004 жылғы 22 маусымдағы
N 113 бұйрығымен бекітілген   

Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары және мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. <*>
      Ескерту: 1-тармақ алынып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2009.09.13 N 313 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).
      2. Әуежайдың (авиакомпанияның) авиациялық қауіпсіздік қызметінің (бұдан әрі - АҚҚ) бастығы.
      3. Әуежайдың АҚҚ тексеру бөлімшесі:
      1) тексеру бөлімшесінің бастығы;
      2) тексеру бөлімшесі бастығының орынбасары;
      3) тексеру бөлімшесі ауысымының бастығы;
      4) аға инспектор (инспектор, кіші инспектор);
      5) тексеру агенті.
      4. Әуежайдың АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесі:
      1) қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы;
      2) қауіпсіздік бөлімше бастығының орынбасары;
      3) қауіпсіздік бөлімшесі ауысымының бастығы;
      4) аға инспектор (инспектор, кіші инспектор);
      5) бақылау-өткізу пунктінің инспекторы (кіші инспектор);
      6) инспектор - қызметтік иттер жетекшісі (патрульдік-із кесуші иттің бастаушысы);
      7) инспектор (кiшi инспектор) - жүргiзушi;
      8) бақылау және бейне бақылау пунктының инспекторы (кiшi инспекторы).
      Ескерту: 4-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2006 жылғы 13 қыркүйектегі N 204 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      5. Әуежайдың АҚҚ рұқсат беру бюросы:
      1) рұқсат беру бюросының бастығы;
      2) рұқсатнама бюросының аға инспекторы (инспекторы).
      Ескерту: 5-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2006 жылғы 13 қыркүйектегі N 204 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      6. Әуежайдың (авиакомпанияның) АҚҚ әкімшілік бөлімшесі:
      1) әкімшілік бөлімшесінің бастығы;
      2) әкімшілік бөлімшесінің бас маманы (маманы);
      3) әкімшілік бөлімшесінің аға инспекторы (инспекторы).
      Ескерту: 6-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2007 жылғы 4 шілдедегі N 134 бұйрығымен.