Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 шілдедегі N 1184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 104 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.03.04. N 206 қаулысымен.

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.27.  N 1301  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 37, 390-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізудің ережесінде:
      12-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі көрсетілетін қызметтер".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі