Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 ақпандағы N 228 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 20 қаңтар N 228е

      "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 ақпандағы N 228 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 14-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары:" деген 6-тармақтың кестесінде:
      081-кіші бағдарламаның 5-бағанындағы реттік нөмірі 1-жол "ҚҚС" деген сөзден кейін ", кедендік баждар мен төлемдерді" деген сөздермен толықтырылсын;
      080-кіші бағдарламаның 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Экологиялық мониторинг жүргізу үшін Бағалау есебінің негізінде зертханалық, компьютерлік және географиялық-ақпараттық жүйелік жабдықтар, гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициялар үшін автомашиналар (6 дана) сатып алу".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі