Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қарашадағы N 150Т қуалысы

       "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы
1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi
қаулы етеді:
      "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 702-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Кеден органдарының Бiрыңғай автоматтандырылған ақпарат жүйесiн құру жобасы бойынша сатып алынған жабдықтың қалдық құнына есептелген қосымша құн салығын төлеу".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi