Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 150аф қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 193-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесіндегі "Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағанда:
      "басқа) Шығыс Қазақстан облысының" деген сөздерден кейін "Өскемен қаласы, Курчатов қаласы, Риддер қаласы, Глубоков, Ұлан," деген сөздермен толықтырылсын;
      "Тарбағатай" деген сөзден кейінгі "ауданы" деген сөз ", Көкпекті, Үржар аудандары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "37640" деген сандар "40835" деген сандармен ауыстырылсын;
      "24493" деген сандар "38114" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі