Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1382 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 1083 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166  Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағын басқару жөнiндегi орталық атқарушы орган болып белгіленсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамын Ақпараттық технологиялар паркiн дамыту жөнiндегi компания етiп белгiлесiн;
      2) Ақпараттық технологиялар паркін басқаруға халықаралық деңгейдегi жоғары бiлiктi сарапшыларды iрiктеудi жүргізсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.24. N  319 қаулысымен.

      3. Алматы қаласының және Алматы облысының әкiмдерi заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" мемлекеттік мекемесiне жалпы алаңы 340 (үш жүз қырық) гектар жер бөлуді жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi