Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1356 қаулысы

      2003 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 2-қосымша "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" деген функционалдық топтан кейін мынадай мазмұндағы функционалдық топпен толықтырылсын:
      "Өнеркәсіп және құрылыс
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау
      министрлігі
      035  Республикалық инвестициялық жобалардың
      техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу
      және сараптамалау жасау                         303000".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі