Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1758 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1325 қаулысы

  ------------Бұйрықтан үзінді----------------

      "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақақша туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Тұрғын үй құрылыс жинақақша салымдары бойынша сыйлықақыларды (мемлекеттiң сыйлықақысын) төлеу ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 444 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 2648 тiркелген, 2004 жылғы 17 қаңтар "Казахстанская правда" N 10 (24320) санды газетiнде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң "Тұрғын үй құрылыс жинақақша салымдары бойынша мемлекеттiң сыйлықақыларын төлеу ережесiн бекiту туралы" 2005 жылғы 24 мамырдағы N 197 бұйрығы қолданысқа енген күннен бастап осы қаулы қолданысқа енгiзіледi...

      Төраға

----------------------------       

      "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  iске асыру мақсатында бұйырамын:

      1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй құрылыс жинақтауларына салымдар бойынша сыйлық (мемлекет сыйлығы) төлеу ережесі бекітілсін.

      2. Мемлекеттік борыш және кредит беру департаменті белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ғ.Н.Өзбековке жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

      "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

      1. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақы (мемлекет сыйлықақысын) төлеу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолдану үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жiберсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) және Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасы (Жерембаев Е.Е.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақы (мемлекет сыйлықақысын) төлеу ережесiн Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң баспасөз басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсiн.

      4. Операция басқармасы (Төлеутаева Ә.Қ.) қабылданған шешiм туралы ақпаратты жариялауға байланысты шығыстарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасының бюджетi (шығыстар сметасы) есебiнен төлесiн.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсiн.

      6. Осы қаулы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң "Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақы (мемлекет сыйлықақысын) төлеу ережесiн бекiту туралы" бұйрығы ресми жарияланған күннен бастап осы қаулы күшiне енедi.

       Ұлттық Банк
      Төрағасының
      мiндетiн атқарушы

      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Банкі Басқармасының         Қаржы министрінің
      2003 жылғы 6 желтоқсандағы         2003 жылғы 26 желтоқсандағы
      444 қаулысымен                     439 бұйрығымен
      бекітілген №                       бекітілген

  Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар
бойынша сыйлықақы (мемлекет сыйлықақысын)
төлеу ережесi

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  (бұдан әрi - Заң) талаптарына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiндегi тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлықақысын (бұдан әрi - мемлекет сыйлықақысы) төлеу тәртiбiн реттейдi.

      2. Мемлекет сыйлықақысы жыл сайын жылдың қорытындысы бойынша есептеледi.

  2-тарау. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына
салымдар бойынша сыйлықақы төлеу шарттары

      3. Салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың талаптарын сақтаған жағдайда мемлекет сыйлықақысы салымшыға шарттық соманы төлеу кезiнде жүзеге асырылады, ал салымдар бойынша мемлекет сыйлықақысы жыл сайын, осы Ережеде белгiленген тәртiппен есептеледi.

      4. Қазақстан Республикасы азаматтарының, оның iшiнде кәмелеттiк жасқа жетпеген, он сегiз жасқа толмаған азаматтарының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдары бойынша мемлекет сыйлықақысын төлеу тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнде жүзеге асырылады.

      5. Жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысының мөлшерi ынталандырылатын салым сомасының жиырма процентiн құрайды. Сыйлықақымен ынталандырылатын салым тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салынған салым сомасынан және ол бойынша есептелген сыйақыдан тұрады.

      6. Сыйлықақымен ынталандырылатын сома сыйлықақы төленетiн жылы белгiленген алпыс еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аса алмайды.
      Егер ынталандырылатын салым сомасы алпыс айлық есептiк көрсеткiштен асып кетсе, онда салымның ынталандырылмаған сомасын тұрғын үй құрылысы жинақ банкi келесi жылы сыйлықақы есептеу кезiнде ескередi.
      Салымшының жинақтау кезеңi аяқталғаннан кейiн шарттық соманы алу кезiнде салымның ынталандырылмаған бөлiгiне сыйлықақы есептелмейдi.

      7. Мемлекет сыйлықақысы мынадай жағдайларда төленедi және бюджетке қайтарылмайды:
      салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша талап ету құқығын немесе жинақталған қаражат сомасын және (немесе) тұрғын үй заемын (аралық тұрғын үй заемын) алу құқығына кепiлдi шарт бойынша ақшаны тұрғын үй iс-шараларына пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын басқа тұлғаға берген жағдайда;
      тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының салымшысы қайтыс болған немесе еңбек ету қабiлетiн толық жоғалтқан жағдайда;
      тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының салымшысы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты жасағаннан кейiн заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жұмыссыз ретiнде тiркелген жағдайда және мемлекет сыйлықақысы төленетiн сәтте алты ай бойы жұмыссыз болған жағдайда;
      тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының салымшысы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын бес жылдан артық мерзiмге жинақтаған жағдайда ғана тұрғын үй заемын алудан бас тартқан жағдайда;
      салымшының тұрғын үй құрылысы жинақ ақша шотына салым бойынша сыйлықақы есептемеу негiзiнде салымшы шартты бұзған жағдайда.

      8. Мемлекет сыйлықақысын есептеудiң тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен тұрғын үй құрылыс жинақ банкi арасында жасалатын келiсiмде айқындалады.

  3-тарау. Мемлекет сыйлықақысын төлеу көзi

      9. Мемлекет сыйлықақысын төлеуге қажеттi ақша тұрғын үй құрылысы жинақ банкi ұсынған ашылған салымдар бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеудiң болжамды есебiнiң негiзiнде, жыл сайын республикалық бюджетте тиiстi жылға қарастырылады.

  4-тарау. Мемлекет сыйлықақысын есептеу
және капиталдандыру тәртiбi

      10. Мемлекет сыйлықақысы осы Ереженiң 5 және 6-тармақтарында көрсетiлген мөлшерде, есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша есептеледi. Сыйлықақымен ынталандырылатын салым сомасына салым сомасы мен ол бойынша есептелген сыйақы кiредi.

      11. Салымның ағымдағы жылдағы (мемлекет сыйлықақысы төленетiн жыл) ынталандырылатын сомасы төмендегiдей формуламен есептеледi:
      Саж = H - Птг, мұндағы
      Саж - ағымдағы жылы сыйлықақымен ынталандырылатын салым сомасы;
      H - есептi жылдан кейiнгi жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сыйақыны қосқандағы салым сомасы;
      Ппг - салымның алдыңғы жылдары ынталандырылған сомасы.

      12. Банк мемлекет сыйлықақысының сомасын жинақ шоттарына ақшаны нақты есептеу сәтiндегi салымның негiзгi сомасын осы Ережеде белгiленген тәртiппен ұлғайтуға (капиталдандыруға) бағыттайды.

  5-тарау. Мемлекеттiң сыйлықақыларын
есептеу және төлеу мерзiмдерi

      13. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi жыл сайын тиiстi жылдың 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде алдағы қаржылық жылы республикалық бюджет қаражаты шығыстарының бюджеттiк өтiнiмiне енгiзу үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне мемлекет сыйлықақысының болжамды есебiн ұсынады.

      14. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi қаржылық жылдың қорытындысы бойынша келесi жылдың он жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекет сыйлықақысының түпкiлiктi есебiн ұсынады.

      15. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi тұрғын үй құрылыс жинақ банкiнен түпкiлiктi есептi алғаннан кейiн, есептi жылдан кейiнгi жылдың 10 ақпанына дейiн тұрғын үй құрылыс жинақ банкiнiң корреспонденттiк шотына мемлекет сыйлықақысының жалпы сомасын аударады.

      16. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнен жалпы соманы алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде тұрғын үй құрылыс жинақ банкi мен оның салымшылары - Қазақстан Республикасының азаматтары арасында жасалған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттар бойынша  Заңда  және осы Ережеде көзделген тәртiппен мемлекет сыйлықақысын есептейдi.

  6-тарау. Мемлекет сыйлықақысын төлеудiң шектеулерi

      17. Салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша тұрғын үй заемын өтеу талаптарын жүйелi (күнтiзбелiк жыл iшiнде қатарынан үш реттен артық) бұзған, сондай-ақ тұрғын үй заемын мақсатсыз пайдаланған жағдайда, тұрғын үй құрылыс жинақ банкi мемлекет сыйлықақысын Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен республикалық бюджетке қайтару жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады және мемлекет сыйлықақысының сомасы салымшыдан келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде оны республикалық бюджетке аударады.
      Салымды шотқа толық енгiзбеу, енгiзудi кешiктiру, сондай-ақ салымдарды шотқа мерзiмiнен бұрын (толық, iшiнара) салу және тұрғын үй заемын (аралық тұрғын үй заемын) өтеу тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың талаптарын бұзу болып табылмайды.

      18. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының салымшысына заң нормаларын және (немесе) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты бұза отырып төленген сыйлықақы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен республикалық бюджетке қайтарылуы тиiс. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi мемлекет сыйлықақысының сомасы салымшыдан келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде оны республикалық бюджетке аударады.

      19. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартта айқындалған жинақтау мерзiмi аяқталып, салымшының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салатын қажеттi салым сомасының ең аз мөлшерi жинақталмаған жағдайда, салымшы салымды және оған есептелген сыйақыны алуына болады. Мұндайда мемлекет сыйлықақысы салымшы жинақ ақшаны бес жылдан артық уақыт жинақтаған жағдайда төленедi.
      Салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнде жинақтауды жалғастыра беруiне болады, мұндайда, жинақталып жатқан бұл ақшаға мемлекет сыйлықақысы төленбейдi.

      20. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартта айқындалған жинақтау мерзiмi аяқталып, салымшының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салатын қажеттi салым сомасының ең аз мөлшерi жинақталған жағдайда салымшы жинақтау мерзiмiн ұзартуға немесе тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнде тұрғын үй заемын алуды кейiнге қалдыруына болады, мұндайда салымшының жинақтаған қаражатының сомасына осы Ережеде көзделген тәртiппен мемлекет сыйлықақысы есептеледi.