Орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы маңызды стратегиялық мәні бар жұмыстар мен қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 1313 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 301 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 301 Қаулысымен.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар ормандарды ұдайы молайту және өрттен қорғау, орман қорын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, орман өсімдіктерінің тектік қорын сақтау, киіктерді қорғау және олардың санын есепке алу үшін 2004 жылы сатып алынуының маңызды стратегиялық мәні бар жұмыстар мен қызметтер көрсетуді жеткізушілер болып айқындалсын.

      2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 24 желтоқсандағы 
N 1313 қаулысына   
қосымша      

Ормандарды ұдайы молайту және оларды өрттен қорғау, орман қорын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, орман өсімдіктерінің тектік қорын сақтау, киіктерді қорғау және олардың санын есепке алу үшін 2004 жылы сатып алынуының маңызды стратегиялық мәні бар жұмыстар мен қызметтер көрсетуді жеткізушілердің тізбесі

_________________________________________________________________
р/с    Жұмыстар мен қызметтер    Жұмыстар мен      Жұмыстар мен
N      көрсетуді жеткізушінің    қызметтер         қызметтер
       атау                      көрсетуді         көрсетудің
                                 жеткізушінің      атауы
                                 орналасқан жері
_________________________________________________________________
1.     ҚР АШМ Орман және         Алматы қаласы     Авиациямен
       аңшылық шаруашылығы                         орман қорғау
       комитетінің
       "Казавиаорманқорғау"
       РМҚК
2.     ҚР АШМ Орман және аңшылық Астана қаласы     Астана қаласының
       шаруашылығы комитетінің                     санитарлық қорғау
       "Жасыл аймақ" РМҚ                           жасыл аймағын
                                                   құру
3.     ҚР АШМ Орман және аңшылық Алматы қаласы     Орман орналастыру
       шаруашылығы комитетінің                     жұмыстары
       "Қазорманжоба" РМҚК
4.     ҚР АШМ Орман және аңшылық Алматы қаласы     Тұрақты ағаш
       шаруашылығы комитетінің                     тұқымы базасын
       "Алматы орман селекциялық                   қалыптастыру
       орталығы" РМҚК
       "Көкшетау орман           Щучинск қаласы
       селекциялық орталығы"
       РМҚК
5.     ҚР АМШ Орман және аңшылық Алматы қаласы     Киіктерді қорғау
       шаруашылығы комитетінің                     және олардың
       "Аңжануарөнеркәсіп ӨБ"                      санын есепке алу
       РМҚК
_________________________________________________________________