Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі N 925 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 желтоқсандағы N 1242 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.05. N 371 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларды әскери есепке алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi N 925  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 37, 376-құжат) мынадай өзгеріс енгізiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасында әскери мiндеттілер мен шақырылушыларды әскери eceпкe алу ережесiнде:
      24-тармақ алынып тасталсын;
      мемлекеттiк тiлдегі мәтiнiнде 7-бөлiмнiң тақырыбы өзгерiссiз қалады.

      2. Осы қаулы ол ресми түрде жарияланғаннан кейiн күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы