Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 2004 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1234 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын  туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының "Ұлан" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы