Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 29 қарашадағы N 1787 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1193 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.20. N 367 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне шет елде шұғыл емделуге мұқтаж науқастарды емдеу үшін 20 (жиырма) миллион теңге бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі