"Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Эстон Республикасының Yкiметi арасындағы Әуе қатынасы туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 қарашадағы N 1169 қаулысы.
Жоба қайтарылып алынды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы N 324 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 651-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
      5-бағандағы "Олимпиада және" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулыға 655-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
      5-бағандағы "олимпиадалық емес спорт түрлерi" деген сөздерден кейiн (мынадай спорт түрлерiнен басқа: ушу, каратэ-до, пауэрлифтинг, бодибилдинг, боулинг, самбо, кикбоксинг)" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 659-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi ic-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
      5-баған мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Кiр жуу жабдығы:
      кiр жуатын машина - 1 дана;
      кептiретiн машина - 1 дана;
      үтiктейтiн машина - 1 дана.
      Ескектi қайық - 6 дана.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі