Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi N 785 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қарашадағы N 1163 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.14. N 353 қаулысымен

      Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.08 № 1170 Қаулысымен.

      Ұлттық байланыс және хабар тарату спутниктiк жүйесiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi Қажымұрат Ыбырайұлы Нағмановқа М.В. Хруничев атындағы Мемлекеттiк ғарыштық ғылыми-өндiрiстiк орталықпен ұлттық геостационарлық байланыс және хабар тарату спутнигiн жасау және ұшыру мәселесi жөнiнде келiссөздер жүргiзуге өкiлеттiк берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының Ақпарат, Көлiк және коммуникациялар министрлiктерiмен бiрлесiп үш айлық мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне өкiлеттiктерiн белгiлей отырып, ұлттық спутниктiк ұйымы жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі