Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 35 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қарашадағы N 1150 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Академиясының iшкi iстер органдарының басшы кадрларын және тәрбие аппараттарының мамандарын даярлау факультетiне (N 1 факультет) кадрларды даярлау мамандығының өзгеруiне байланысты БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Академиясының iшкi iстер органдарының басшы кадрларын және тәрбие аппараттарының мамандарын даярлау факультетiне (N 1 факультет) iрiктеу мен қабылдау ережелерiн бекiту туралы" (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1934 болып тiркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлер бюллетенiнде 2002 жылғы қазан айында N 39 жарияланған) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2002 жылғы 11 шiлдедегi N 487  бұйрығына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Академиясының iшкi iстер органдарының басшы кадрларын және тәрбие аппараттарының мамандарын даярлау факультетiне (N 1 факультет) iрiктеу мен қабылдау ережелерiнде:
      2-тармақтағы "070400 - "Мемлекеттiк және жергiлiктi басқару" деген сөздер "521650 - "Заңтану" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "iшкi iстер органдарында басқару - магистр" деген сөздер "заңтану магистрi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Тәрбие және кадр жұмысы департаментi (Б.Н.Өмiрзақов) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Iшкi iстер бiрiншi вице-министрi полиция генерал-майоры И.Оттоға жүктелсiн.

       Министр