Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасындағы темiр жол өткiзу пункттерiнде бiрыңғай бақылау-өткiзу пункттерiн жайластыру және дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасындағы темiр жол өткiзу пункттерiнде бiрыңғай бақылау-өткiзу пункттерiн жайластыру және дамыту бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) мынадай құрамда құрылсын:
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Сауат Мұхаметбайұлы орынбасары, төраға;
Ержанов - Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау
Аманияз Қасымұлы агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары,
төрағаның орынбасары;
Малғаждаров - Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау
Алтай Байкенұлы агенттiгi Кедендiк бақылауды ұйымдастыру
департаментiнiң бастығы, комиссияның
хатшысы;
Әбдiрахманов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Марат Мәулетжанұлы министрлiгiнiң Салық комитетi төрағасының
орынбасары;
Байдәулетов - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Нұржан Тәлiпұлы коммуникациялар вице-министрi;
Байсеркин - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Бауыржан Сәтжанұлы министрлiгiнiң Мемлекеттiк
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетi төрағасының орынбасары;
Ермекова - Қазақстан Республикасы Экономика және
Несiпбала Әбсағитқызы бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң Салалық
органдардың шығыстарын жоспарлау
департаментi директорының орынбасары;
Көкiрекбаев - "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы"
Кәрiм Насбекұлы жабық акционерлiк қоғамының вице-президентi
(келiсiм бойынша);
Лесов - "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы"
Талғат Тұяқұлы жабық акционерлiк қоғамының Тасымалдау
департаментi жүк тасымалдау және
коммерциялық жұмыс басқармасының бастығы
(келiсiм бойынша);
Мыңжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Марат Тұрсынайұлы министрлiгi Ветеринария департаментiнiң
директоры;
Пiстаев - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Марат Құрманәлiұлы министрлiгi Көшi-қон полициясы
департаментiнiң бастығы;
Солоненко - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi
Вячеслав Владимирович Бас штабының Темiр жолдағы әскери
қатынастар орталық басқармасының бастығы;
Тулубаев - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Сергей Анатольевич қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң
Шекаралық бақылау бас басқармасы
бастығының орынбасары (келiсiм бойынша);
Орынбасаров - "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы"
Бауыржан Пазылбекұлы жабық акционерлiк қоғамы Тасымалдау
департаментiнiң бас инженерi (келiсiм
бойынша);
Хасенов - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Сақташ Сатыбалдыұлы министрлiгi Өсiмдiктердi қорғау және
карантинi департаментiнiң директоры.
2. Комиссия барлық бақылау қызметтерiн орналастыруды, жұмыс жүргiзу кезегiн және республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасындағы темiр жол өткiзу пункттерiнде бiрыңғай бақылау-өткiзу пункттерiн жайластыру және дамыту жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi Комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі