Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 қазандағы N 1084 қаулысы.
Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.03.31. N 222 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1)  (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.08.03. N 824 Қаулысымен)
      2) "Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы N 117  қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспарында:
      реттiк нөмiрлерi 28-1, 33-жолдар алынып тасталсын;
      3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903  қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
      "6. Әлеуметтiк саясат" деген бөлiмде:
      "6.5. Мәдениет" деген кішi бөлімдегi реттiк нөмiрлерi 6.5.1., 6.5.7-жолдар алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі