Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 ақпандағы N 300 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қазандағы N 1065 қаулысы.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1256 Қаулысымен.

      Қаулы етемін:

      1. Қазақстан жетекші ғалымдарының "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігін құру туралы бастамасы мақұлдансын.

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі таратылсын.

      3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 12 ақпандағы N 34 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қолдансын. P031191

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті