"Ақпарат" ашық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қазандағы N 1062 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 699-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Тауарлардың жеткізілуін бақылау жүйесін сатып алу - 3 жиынтық".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі