Қазақстан Pecпубликасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 мамырдағы N 802 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қазандағы N 1055 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулездiк, психоневрологиялық мекемелер, сот сараптамасы органдары, Қазақ республикалық лепрозорийi ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 26 мамырдағы N 802 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 24, 283-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулездiк, психоневрологиялық мекемелер, сот сараптамасы органдары, Қазақ республикалық лепрозорийi ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатудан түскен қаражатты пайдалануды ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулездiк, психоневрологиялық мекемелер, сот сараптамасы органдары, Қазақ республикалық лепрозорийi ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесiнде:
      2-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер ұсынатын, өтiнiштер бойынша санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен зертханалық зерттеулердi жүргiзуден, нормативтiк-техникалық және бланк өнiмдерiн өндiру мен дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық қызмет көрсетулердi сатудан, кәсiптiк-гигиеналық даярлықты жүргiзуден түскен қаражат мынадай тәртiппен:";
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның нормативтік-техникалық, баспа өнiмдерiн өндiруге байланысты шығыстарына;";
      мемлекеттік тiлдегi мәтінiнде алтыншы абзац мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
      "үй-жайлар мен басқа да объектілерге дезинфекция,  дезинсекция, дератизация жүргізуге байланысты шығыстарға;";
      мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
      "санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердi материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіруге пайдаланылады.";
      5-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер ұсынатын, өтініштер бойынша санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен зертханалық зерттеулерді жүргізуден, нормативтік-техникалық және бланк өнімдерін өндіру мен дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық қызмет көрсетулерді сатудан, кәсіптік-гигиеналық даярлықты жүргізуден түскен қаражат мынадай тәртіппен:";
      төртінші абзацтағы "қамтамасыз етуге" деген сөздерден кейін "және бланк өнімдерін сатуға" деген сөздермен толықтырылсын;
      мемлекеттік тілдегі мәтінінде бесінші абзац мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
      "үй-жайлар мен басқа да объектiлерге дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргiзуге байланысты шығыстарға;";
      мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде алтыншы абзацтағы "шығыстарға" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
      "санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердi материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдiруге";
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Pecпубликалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер көрсететiн ақылы қызметтердiң бағаларын - заңнамада белгiленген тәртiппен азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы Қазақстан Pecпубликасының уәкiлеттi орталық атқарушы органы, жергiлікті бюджеттен қаржыландырылатын ақылы қызметтердің бағаларын жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі