Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 29 шiлдедегi N 1184 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі N 1005 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.03.04. N 206 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 наурыздағы N 296 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 14, 143-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      2-тармақта:
      "5" деген сан "15" деген сандармен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      "10" деген сандар "25" деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламада:
      7-бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 1.1.1-жолдың "Iске асыру (орындау) мерзiмi" деген бағанындағы "ІІІ тоқсан 2003 ж." деген сөздер "IV тоқсан 2004 ж." деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 2.2.1-жолдың "Орындауға жауаптылар" деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "EХҚМ, ЭБЖМ, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі