Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 наурыздағы N 289 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 982 қаулысы.
Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 778 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнiндегі 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 21 наурыздағы N 289  қаулысына  мынадай толықтыру енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөнiндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
      11 "Денсаулық сақтау жүйесiн қаржыландыру" деген бөлiмнiң "Орындау (icкe асыру) үшін жауаптылар" деген бағанының реттiк нөмiрi 11.1-жолындағы, "ДМ" деген сөзден кейiн "ЭБЖМ" деген сөзбен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі