"Жетiсу" авиакомпаниясы" ашық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн Алматы облысының коммуналдық меншiгiне беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі N 932 қаулысы

      "Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бір түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес және мемлекеттiк меншiктi тиiмдi басқару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен "Жетiсу" авиакомпаниясы" ашық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн Алматы облысының коммуналдық меншiгiне берсiн.

      2. Алматы облысының әкiмi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:
      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi коммуналдық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Алматы облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 198-17-жолмен толықтырылсын:
      "198-17. АЛМ-000196 "Жетiсу" авиакомпаниясы" AAҚ";
      Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердің тiзбесiнде:
      "Алматы облысы" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 36-жол алынып тасталсын;
      2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
      көрсетiлген қаулыға қосымшада "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 123-жол алынып тасталсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі