Өсiмдiк шаруашылығы, астық және мал азығы дақылдарының, дәрiлiк өсiмдiктердiң және картоптың селекциясы, жоғарғы репродукциялы тұқым өндiру саласында ғылыми-зерттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру және Орталық Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндiрiсiне қазiргi заманғы агротехнологияларды енгiзу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Қарағанды өсiмдiк шаруашылығы және селекциялар ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорын қызметiнiң мән-жайы ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi (өсiмдiк шаруашылығы және егiншiлiк) жүзеге асыру болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының жедел басқаруынан 79132000 (жетпiс тоғыз миллион жүз отыз екi мың) теңге сомасындағы негiзгi құралдар Кәсiпорынның жедел басқаруына берiлсiн (1-қосымша).
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтудi және оны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және осы қаулының 4-тармағына сәйкес негiзгi қаражатты берудi қамтамасыз етсiн.
7. Осы қаулының 1, 4-тармақтарында және 5-тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген шаралар жүзеге асырылғаннан кейiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны заңнамада белгiленген тәртiппен Қарағанды облысының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.
8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қарағанды облысының әкiмiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын коммуналдық меншiкке берудi қамтамасыз етсiн.
9. Қарағанды облысының әкiмi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының тұрақты жер пайдалануынан жалпы көлемi 15347 (он бес мың үш жүз қырық жетi) гектар ауыл шаруашылығына арналған жердi, соның iшiнде 13414 (он үш мың төрт жүз он төрт) гектар егiстiк жердi Кәсiпорынның тұрақты жер пайдалануына берудi қамтамасыз етсiн (2-қосымша);
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды жүзеге асырсын.
10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
11. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 10 қыркүйектегі
N 916 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң
"Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық
кәсiпорнының жедел басқаруынан Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Қарағанды өсiмдiк
шаруашылығы және селекциялар ғылыми-зерттеу институты"
республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының жедел
басқаруына берiлетiн негiзгi құралдардың
Тізбесі
(2003 жылдың 01 сәуiрiне)
___________________________________________________________________
р/с | Атауы | Саны,| Теңгерімдік | Қалдық
N | | дана | құны, теңге |құны, теңге
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5
___________________________________________________________________
Ғимараттар
1 Картоп қоймасы 5 5042057 3106893
2 Тұқым қоймасы 21 10379895 8568305
3 Астық таза пунктi 5 3385985 762185
4 Зертханалық корпус 1 889967 -
5 Механо-техникалық шеберхана 1 2820924 1634708
6 Зат қоймасы 1 1233982 974940
7 "Элита" кешенi 1 13725269 8578293
8 Гараж 1 410856 112986
9 Техникалық қызмет көрсету пункті 1 118685 76314
10 Ағаш ұстасының шеберханасы 1 158935 -
11 Асхана 1 384780 -
12 Қонақ үйiмен сауда орталығы 1 11534137 9873221
13 Тұқымды бақылау зертханасы 1 120567 12058
14 Ғылым ғимараты 1 124 88
15 Сүт шағынзауыты 1 27176 12186
Құрылыстар
16 Авто таразылар 2 59299 -
17 Бөгет 6 1581393 1417000
18 Қойма аймағының қоршауы 280716 -
19 Астық алаңы 10 5198929 3920246
20 Мұнай базасының кезекшiлiк
бөлмесi 1 15136 1176
21 Су құбыры 3 191273 116417
22 Сорт сынау учаскесi 1 408346 81669
23 Шошқа қора 1 311335 -
Өзге негiзгi қаражаттар мен
жабдықтар
24 Тоңазытқыш камерасы 2 719592 581435
25 Асхана жабдықтары 7 171802 16575
26 Астық қоймасының жабдықтары 11 295448 174226
27 Ұйымдастыру техникасы 14 881489 593537
28 Кабинет жиһазы 5 107385 72781
29 Металл қоймасы 4 252191 135680
30 Tрактор тiркемелерi 13 851765 -
31 Кiтапхана қоры 531 292
32 Жөндеу шеберханасының жабдығы 9 516361 221788
33 Қоймалардың жабдығы 5 472543 141476
34 Голландия жабдығының жиынтығы 1 13439096 10439097
35 Зертхана жабдығы 1 138586 662
36 Шағын сүт зауытының жабдықтары 1 230000 201661
37 Диiрмен 2 2459880 1994752
38 Суаруға арналған сорап 2 34068 23516
39 Электр станциясы 1 100000 86000
40 Тыңайтқыш ceбуге арналған машина 1 52008 -
Автокөлік
41 КАМАЗ 3 688710 -
42 ГАЗ-53 12 746277 -
43 ГАЗ-52 2 100271 -
44 ЗИЛ-131 1 515665 -
45 КАВЗ-3270 3 290070 -
46 РАФ 2 213478 -
47 УАЗ-3303 8 625644 8804
48 ГАЗ-3507 8 644160 9424
49 УАЗ-31512 4 3619874 -
50 ЗИЛ-130 1 897545 -
51 ГАЗ-66 1 200687 -
52 ГАЗ-3110 1 677800 629780
53 ЗИЛ-431410 1 24664 -
54 ГАЗ-31029 1 299250 111719
55 ГАЗ-3102 1 271907 -
Тракторлар
56 ДТ-75 9 2035320 1007199
57 МТЗ-80 12 7483795 3569698
58 МТЗ-82 6 6068238 2908674
59 К-701 5 2407755 -
60 К-700A 8 3285966 -
61 ЮМЗ-6 3 658776 -
62 T-40 6 6326465 4125000
63 T25 3 187797 21875
64 T-16 3 261812 -
65 Жаңбырлатқыш қондырғы 5 703662 2163
Комбайндар
66 Вихрь 1 8668 -
67 Дон-1500A 17 11957038 6692388
68 CК-5 2 3335185 3204533
69 Енисей-1200 8 15257147 -
70 "Сампо" 1 182447 -
71 "Xere" 1 214582 -
Ауыл шаруашылық машиналары
72 Қопсытқыш 22 964802 -
73 Пәлек ұнтақтағыш 1 29597 -
74 Tұқым сепкiш 29 1606567 -
75 Сыдыра қопсытқыш 2 50095 -
76 Тiркеме 6 80970 -
77 Тырма 11 968039 -
78 Дестелегiш 23 4871029 -
79 Соқа 16 347627 -
80 Десте жинауыш 13 1368978 -
81 Таптауыш 1 18816 -
82 Жүйек салғыш 2 94657 -
83 Қар жыртқыш 5 96653 -
84 Маялағыш 2 208169 -
85 Электр тиегiш 1 873233 -
86 Тұқым сепкiштiң тиегiшi 4 189847 -
87 Картоп қазғыш 4 113316 -
88 МТПЦ балғалау 1 25369 -
89 Тұқым тазалағыш машина 2 67544 -
Мал шаруашылығы
90 Айғырлар 1 248000 218000
91 Биелер 7 1279503 1279503
92 Аттар 8 1411077 1411077
Барлығы 150345621 79132000
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 10 қыркүйектегі
N 916 қаулысына
2-қосымша
"Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық
кәсiпорнының жедел басқаруынан Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң
"Қарағанды өсiмдiк шаруашылығы және селекциялар
ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорнының жедел басқаруына берiлетiн
ауыл шаруашылығының жерлерiн
Экспликациялау
___________________________________________________________________
Ауыл шаруашылығының | Ауыспалы егістік | Алаң,
жерлерi | жерінің нөмірі | га
___________________________________________________________________
1 2 3
___________________________________________________________________
Негiзгi жер алаңы 15347
соның iшiнде ауыл шаруашылығы
жерлерi 14883
оның iшiнде суармалы жерлер 420
Егiстiк жер - барлығы 13414
соның iшiнде: 8-2 369
9-2 368
10-2 378
11-2 402
13-3 330
14-3 343
17-4 295
18-4 277
21-5 270
22-5 (22-1-48, 22-2-182,
22-3-48) 278
23-6 231
24-6 261
25-6 235
26-1-6 76
32-7 69
33-7 108
34-7 68
35-7 68
36-8 269
37-8 267
38-8 330
39-8 296
40-8 (40-1-239, 40-2-81) 320
41-9 341
42-9 342
54-11 282
55-11 266
56-12 301
57-12 305
58-12 257
59-12 255
60-13 315
61-13 (61-2-165,
61-1-208) 373
62-13 330
63-13 297
64-13 333
65-14 325
66-14 309
67-14 367
68-14 366
69-14 327
73-15 210
74-15 210
75-1-15 142
79 (1)-16 суармалы телiм 110
79 (3)-16 суармалы телiм 12
79 (2)-16 суармалы телiм 18
78 (1)-16 суармалы телiм 61
78 (2)-16 суармалы телiм 79
81-16 суармалы телiм 140
Тәжiрибе телiмi 833
Жайылым, барлығы: 1469
соның iшiнде түбегейлi
жақсартылатын 1036
43-9 401
27-6 257
44(1)-9 259
44(2)-9 107
7-2 10
37-8 2
Екпе жайылым 274
Жайылым 14-3 136
Жайылым ІІ-1 23
Ағаш бұтақ екпе жерлері (оның
ішінде орман алқабы) 140
Өзге жерлер 138
Су астындағы жерлер - барлығы 186
Тоғандар N 16 36
N 11 7
N 3 7
N 9 16
N 13 3
N 14 2
N 6 25
Ферма жанындағы бөгет 57
Найдорф кенті жанындағы бөгет 25
N 2 бригаданың N 7 бөгеті 8
___________________________________________________________________