Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 наурыздағы N 301 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 тамыздағы N 854 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.27.  N 1301  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "2003 жылғы егіннің астығын сатып алудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 наурыздағы N 301  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 14, 146-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-ші тармақта "1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) тоннаға дейінгі" деген сөздер "2 000 000 (екі миллион) тоннаға дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі