Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 және 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 шілдедегі N 749 қаулысы

      "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 16 сәуiрдегi N 364 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      2-тармақтағы "500 000 000 (бec жүз миллион)" деген сөздер  "1 500 000 000 (бiр миллиард бес жүз миллион)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі