Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2006 жылға дейін акциялардың мемлекеттік пакеттері жекешелендіруге, оның ішінде жекешелендірудің алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 46, 47 және 48-жолдармен толықтырылсын:
"46. "Қазақ газеттері" ЖАҚ (Астана қаласы) 100%.
47. "Жас өркен" ААҚ (Астана қаласы) 100%.
48. "Қазақстан Республикасының Заң шығару институты" ЖАҚ (Астана қаласы) 100%.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі