Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақтар берiлген және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасынд

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 шілдедегі N 634 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 ақпандағы N 138 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 N 448 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1297 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 44, 441-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерiн белгiлеу, келiсу және бекiту ережесiнде:
      3-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк басқару органдары Бюджетке аударымдар нормативтерiнiң жобаларымен сонымен бiр мезгiлде Министрлiкке (жергiлiктi қаржы органдарына):
      1) жоспарлы жылдың таза табысының нақты бөлiгiн өндiрiстi дамытуға пайдалану қажеттiлiгiнiң экономикалық негiздемесiн;
      2) қоса берiлiп отырған нысан бойынша есептi жылғы тиiстi бюджетке Кәсiпорындар аударған таза табыстың мөлшерi мен сомасы туралы деректердi және алдағы үш жылдық кезеңге арналған таза табыстың мөлшерi туралы деректерді табыс етедi.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі