Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 маусымдағы N 517 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгіне Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлерi кеңесiнің мәжiлiсiне қатысатын, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы қорғаныс министрлiктерінің ресми әскери делегациялары мүшелерiнің тұруына 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 042 "Өкілдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 4675506 (төрт миллион алты жүз жетпiс бес мың бес жүз алты) теңге сомасында қаражат бөлсiн.

      Премьер-Министр