Жамбыл облысындағы жер сiлкiнiсi салдарларын жою және әлеуметтік маңызы бар объектілердi қалпына келтiру жөнiндегі бiрiншi кезектегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 мамырдағы N 492 қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

       Ескерту: Атауында және мәтін бойынша "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 20 қыркүйектегі N 365    бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз).

      Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне және "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫНҚараңыз.K100296
      1. Қоса беріліп отырған Кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды бюджетке аударудың және артық төленген кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды есепке алу мен бюджеттен қайтарып алудың ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары С.Ж.Мулкинге жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. 

       Төраға

      Келісілді
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі 
      2003 жылғы 3 маусым

Қазақстан Республикасының 
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының        
2003 жылғы 27 мамырдағы 
N 247 бұйрығымен    
бекітілген      

  Кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды 
бюджетке аударудың және артық төленген кедендік төлемдерді,
салықтарды және өсімпұлдарды есепке алу мен
бюджеттен қайтарып алудың
ЕРЕЖЕСІ

       Ескерту: Атауында және мәтін бойынша "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 20 қыркүйектегі N 365   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   5-тармақтан   қараңыз ).

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды бюджетке аударудың және артық төленген кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды есепке алу мен бюджеттен қайтарып алудың ережесі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (бұдан әрі - Кеден кодексі) және "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және алу Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелетін кедендік төлемдерді, салықтарды (бұдан әрі - кедендік төлемдер, салықтар) және өсімпұлдарды бюджеттің кірісіне аударудың және бюджеттен артық төленген кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды есепке алу мен қайтарып алудың тәртібін белгілейді.

      2. Кедендік төлемдерді және салықтарды, оның ішінде аванспен енгізілетіндерді және өсімпұлдарды төлеушілер не төлеушінің тапсырмасы бойынша үшінші тұлға кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың алынуын жүзеге асыратын кеден органы (бұдан әрі - кеден органы) бар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аумағында орналасқан Қазынашылық органдарының шоттарына Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төлейді. 

  2. Кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды
бюджетке аударудың тәртібі

      3. Төлеушілер кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды Қазақстан Республикасының кедендік және салықтық заңнамасында белгіленген мерзімдерде бюджетке төлейді.

      4. Кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі кедендік төлем мен салықтың түріне сәйкес жыл сайын бекітетін Қазақстан Республикасының Кірістердің бірыңғай бюджеттік жіктемесінің тиісті кірістер коды бойынша (бұдан әрі - бюджеттік жіктеме коды) жүргізіледі. Өсімпұл төлемінің немесе салықтың уақыты өтіп кеткені үшін өсім есептелген тиісті төлемнің бюджеттік жіктеме коды бойынша төленеді.

      5. Кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеуді төлеушілер Ұлттық Банкінің лицензиясы бар, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар арқылы жүргізеді. Кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеуге арналған төлем құжаттарында төлеушілер кеден органы тіркелген орын бойынша орналасқан салық органының (бұдан әрі - бенефициар - салық органы) деректемелерін көрсетеді.

      6. Кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеушінің тапсырмасы бойынша үшінші тұлғалар төлеген жағдайда төлем құжатының төлем тағайындауында ол үшін кедендік төлемдер мен салықтардың төленуі жүргізілетін төлеушінің толық атауы, сондай-ақ оның салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      7. Осы Ережеге сәйкес мынадай кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар төленеді:
      1) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес есептелетін және төлеуге жататын кедендік төлемдер мен олар бойынша өсімпұлдар;
      2) Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес алынатын қосымша құнға арналған акциздер, салықтар және олар бойынша өсімпұлдар;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен уақытша шаралар ретінде енгізілгендерді қоспағанда, демпингке қарсы, қорғаныштық және өтемдік баждар және олар бойынша өсімпұлдар.

      8. Төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша алдағы міндеттемелер есебінен кедендік төлемдерді, салықтарды аванспен енгізуге құқығы бар. Кедендік төлемдерді және  салықтарды олардың түрлері бойынша аванспен енгізу кірістердің бюджеттік жіктеме кодтары бойынша жүргізіледі.

      9. Кедендік төлемдер мен салықтарды, оның ішінде аванспен енгізілгендерін және өсімпұлдарды есептеуді төлеуші Қазақстан Республикасының кедендік және салықтық заңнамасына сәйкес жүргізеді.
      Кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды кеден органы есептеген, қосымша есептеген жағдайларда төлеушіге оның негізінде ол кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеуді жүргізетін Төлеуге арналған акт (1-қосымша) беріледі.

      10. Қазынашылық органдары күнсайын кеден органы мен бенефициар-салық органына ұсынатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің нормативтік-құқықтық актісімен бекітілген бюджеттік жіктеме коды бойынша түсімдер есептілігінің нысандары осы Ереженің 11-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда жоғарыда аталған органдар үшін төлеушінің немесе үшінші тұлғаның төлеуші шотына кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды бюджетке төлегендігін растау болып табылады. 

      11. Төлеуші кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды кеден органдарының ғимараттарында орнатылған электронды терминалдар арқылы төлем кәртішкелерін пайдалана отырып төлеген кезде аталған электронды терминал берген чек кеден төлемдері мен салықтарын бюджетке төленгендігін растау болып табылады.
      Төлеушінің немесе үшінші тұлғаның төлеуші шотына кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімдерді тікелей кеден органының ғимараттарында (үй-жайларында) орналасқан екінші деңгейдегі банктер арқылы төлеген кезде аталған екінші деңгейдегі банктер кассаларының түбіртектері кеден төлемдерді және салықтарды бюджетке төлегендігін растау болып табылады.

      12. Кеден органдары осы Ереженің 9-тармағына сәйкес осы Ереженің 10 не 11-тармағымен көзделген құжаттардың деректерімен қоса төлеуге есептелген (есептелген, қосымша есептелген) кеден төлемінің немесе салықтың әрбір түрін салыстыру жолымен төлеушіден немесе төлеушінің шотына үшінші тұлғадан бюджеттің кірісіне кедендік төлемдердің, салықтардың және олар бойынша өсімпұлдардың түсуінің уақытылығын және толықтығын бақылауды жүзеге асырады.

      13. Егер кеден органдары осы Ереженің 12-тармағына сәйкес жүргізілген салыстыру қорытындылары бойынша бюджетке енгізілген сомалар  есептелген және төлеуге жататын кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың жалпы сомасын жабатындығын, бірақ кедендік төлемдердің, салықтардың және олар бойынша өсімпұлдардың жекелеген түрлері бойынша есептелген және төлеуге жататын сомаларды жаппайтындығын анықтаса, төлеуші:
      жетпейтін сомаларды бюджетке осы Ережеге сәйкес енгізуге;
      осы Ереженің 3-бөлімінде белгіленген тәртіппен басқа кедендік төлемдер мен салықтар жөніндегі міндеттемелерінің шотына артық есептелген сомаларды есепке алуды жүргізу үшін бенифициар-салық органына одан әрі жүгіну мақсатында Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың бюджетке артық төленген сомаларының бар екендігі туралы растау (бұдан әрі - Растау) (2-қосымша) алу үшін кеден органына жүгінуге құқылы.
      Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың жетпейтін сомаларын төлеу фактісі, оның ішінде есепке алуды жүргізу кезіндегі, осы Ереженің 10-тармағына не 11-тармағына сәйкес куәландырылады.

      14. Төлеуші Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша есептерді бюджетпен салыстыру актісін (бұдан әрі - Салыстыру актісі) (3-қосымша) алу үшін кеден органына жүгінуге құқылы. 

  3. Артық төленген кедендік төлемдерді, салықтарды және
өсімпұлдарды есепке алудың және қайтарудың тәртібі

      15. Артық төленген кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды  есепке алуды немесе қайтаруды бенифициар-салық органы салықтық заңнамаға сәйкес жүргізеді.

      16. Бенифициар-салық органы артық төленген кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды есепке алуды немесе қайтаруды жүзеге асыруы үшін төлеуші Растау алу үшін кеден органына өтінішпен жүгінеді.

      17. Өтінішке мынадай құжаттардың:
      1) сомалардың төленгендігін растайтын төлем құжатының;
      2) ол бойынша кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар есептелген және енгізілген кеден органы ресімдейтін кедендік декларацияның (кедендік декларация ресімделген жағдайда ұсынылады);
      3) оларды жүзеге асырғаны үшін кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар енгізілген тауарларды сақтау, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру, лицензия беру, алдын ала шешім қабылдау кезінде кеден органдары ресімдейтін өзге де құжаттардың кедендік төлемдер кедендік декларацияны ресімдеу жүргізілместен төлеу жүргізілген жағдайда ұсынылатын көшірмелері қоса беріледі.
       Ескерту: 17-тармаққа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 20 қыркүйектегі N 365   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   5-тармақтан   қараңыз ).

      18. Кеден органдарының өтінішті қарау мерзімі өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспауы тиіс.
       Ескерту: 18-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 20 қыркүйектегі N 365   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   5-тармақтан   қараңыз ).

      19. Растауды ресімдеуді кеден органдары Салыстыру актісінің негізінде жүргізеді.

      20. Бенифициар-салық органы артық төленген кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды есепке алу, не қайтару туралы шешім шығарған жағдайда, бенифициар-салық органы Растаудың деректемелерін көрсете отырып қорытындыны және кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша артық төленген сомаларды есепке алуға немесе қайтаруға арналған төлем тапсырмасын ресімдейді және Қазынашылыққа береді.

      21. Қазынашылық салық органдары ұсынған құжаттардың негізінде артық төленген сомаларды есепке алуды немесе қайтаруды жүргізгеннен кейін, бірінші дананы бенифициар-салық органына қайтарады, екінші дананы кеден органына береді.

      22. Артық төленген сомасы бар кедендік төлемнің және салықтың түрі бойынша келесі кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың есебіне есепке алуды жүзеге асыру үшін төлеуші өтінішпен кеден органына өтініш жасайды.
       Ескерту: 22-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 20 қыркүйектегі N 365   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   5-тармақтан   қараңыз ).

      23. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі, сондай-ақ қарау мерзімі осы Ереженің 17 және 18-тармақтарында көзделген.
       Ескерту: 23-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 20 қыркүйектегі N 365   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   5-тармақтан   қараңыз ).

      24. Өтініш алынғаннан кейін кеден органы бюджетке салықтардың басқа түрлері бойынша берешектің бар-жоқтығы туралы салық органы-бенефициарға сұрау салумен өтініш жасайды.
      Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек болған кезде, кеден органы бір жұмыс күн ішінде сұрау салуға жауап алынғаннан кейін өтініш берушіге артық төленген сомасы бар кедендік төлем, салық немесе өсімпұлдың түрі бойынша келесі кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу есебіне есептеуден бас тарту туралы хабарлайды. Бұл ретте, хабарламада салық органының атауы және берешегі бар салықтың түрі көрсетіледі. Көрсетілген берешекті өтеу үшін төлеуші осы берешек бар салық органына өтініш ұсынады.
      Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек болмаған жағдайда кеден органы артық төленген сомасы бар сол кедендік төлем, салық немесе өсімпұл түрі бойынша келесі кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу есебіне жатқызуды жүргізеді.
       Ескерту: 24-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 20 қыркүйектегі N 365   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   5-тармақтан   қараңыз ).
      25. Кеден органы артық төленген сомасы бар кедендік төлем мен салық түрі бойынша келесі кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдардың төлеу есебіне жатқызуды төлеу орны бойынша жүргізеді.
       Ескерту: 25-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 жылғы 20 қыркүйектегі N 365   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   5-тармақтан   қараңыз ).

                                       Қазақстан Республикасының
                                       Кедендік бақылау агенттігі
                                              төрағасының 
                                      2003 жылғы 27 мамырдағы N 247
                                         бұйрығымен бекітілген
                                     Кедендік төлемдерді, салықтарды
                                        және өсімпұлдарды бюджетке
                                      аударудың және артық төленген
                                     кедендік төлемдерді, салықтарды
                                       және өсімпұлдарды есепке алу
                                      мен бюджеттен қайтарып алудың
                                                 ережесіне
                                                 1-қосымша

Кеден органының коды __________________
Кеден органы ___________________________
              (кеден органының атауы)
________________________________________
          (құрылымдық бөлімше)

                      N ____ төлем актісі

                   "____" ______________ 200 ___ ж.
                        (шығарылған күні) 

Төлеуші ___________________________________________________________ 
                 (төлеушінің толық атауы, оның СТН-ы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
негіздеме__________________________________________________________

___________________________________________________________________
р/б  Кедендік төлем   Бюджеттік  Есептелді, теңгемен     Төлемнің
N    немесе салықтың   жіктеме  _______________________  мақсатты
          түрі          коды    Сомасы  Өсім  Барлығы       коды
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Шот бойынша  барлық төлеуге жататыны:______________________________
                                       (сомасы теңгеде, жазумен)
______________________________________________теңге___________тиын
Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың көрсетілген 
сомаларын бюджеттік жіктеме кодтары бойынша бюджетке Қазынашылық 
органының шотына
__________________________________________________________________
      (бенефициар-салықтық органның және оның Қазынашылығының
______________________________________________________аудару қажет. 
      деректемелері, (СТН, ИИК, БИК және т.б.) 

жауапты орындаушы___________________________________________________
               (лауазымы, тегі, аты-жөні, қолы, жеке нөмірілік мөрі)

                                       Қазақстан Республикасының
                                       Кедендік бақылау агенттігі
                                              төрағасының 
                                      2003 жылғы 27 мамырдағы N 247
                                         бұйрығымен бекітілген
                                     Кедендік төлемдерді, салықтарды
                                        және өсімпұлдарды бюджетке
                                      аударудың және артық төленген
                                     кедендік төлемдерді, салықтарды
                                       және өсімпұлдарды есепке алу
                                      мен бюджеттен қайтарып алудың
                                                 ережесіне
                                                 2-қосымша 

                                               "Бекітемін"               
                              ______________________________ бастығы
                                 (кеден органының атауы)
                              ______________________________________
                                           (тегі, аты-жөні)         
                              ______________________________________
                                             (МО, қолы)             
                              "______" ______________ 200 ____ жыл

            Кедендік төлемдердің, салықтардың және
      өсімпұлдардың бюджетке артық төленген сомаларының
                     бар екендігі туралы
                         N _____ растау

"____"___________200____жылғы N_____ Салыстыру актісінің қорытындылары бойынша_______________________________________(теңге)
_________________________________________________________ұсыну үшін
            (салықтық орган-бенефициардың атауы)
салықтық орган-бенефициардың СТН-ы  __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __
___________________________________________________ берілді
       (төлеушінің атауы/тегі, аты-жөні)
төлеушінің СТН-ы __ __ __ __ __ __ __ __ __

___________________________________________________________________
N Кедендік төлемнің  Бюджетке төленген         Артық төленген сома
     және/немесе    __________________________
   салықтың атауы   Төлем  Бюджет. Төлем  Сома
                    құжа.  тік     тағай.
                    тының  жікте.  ындау
                    күні,  ме      коды
                    нөмірі коды
                          (БЖК)
____________________________________________________________________
1        2           3      4       5      6             7
____________________________________________________________________

     Артық төленген кедендік төлемдердің, салықтардың және
өсімпұлдардың сомасы мынадай себептер бойынша құралды (тиісті 
ұя(лар)дан  көрсетіңіз):
     ___ тауарды еркін айналымға шығарғаннан кейін кедендік
         төлемдер, салықтар және өсімпұлдар сомасының кемуі
     ___ кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды аванспен
         төлеу
     ___ басқа себептер

____________________________________________________________________
р/б        Белгіленген себеп       Себептің сипаттамасы *
N          
____________________________________________________________________
1                  2                        3
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Кірістер бөлімінің бастығы __________________     ______________
                            (Тегі, аты-жөні)          (қолы)

       *  3-бағанды толтыру кезінде олардың негізінде кедендік
төлемдер мен салықтар төленген құжаттардың, олардың негізінде
кедендік төлемдер мен салықтар есептелген құжаттардың, олардың
негізінде алғашқы құжаттарда өзгерістер болған құжаттардың
деректемелерін көрсете отырып кедендік төлемдер мен салықтардың
артық төленген сомасынан құралған әрбір себебіне нақты сипаттама
беру қажет.

                                       Қазақстан Республикасының
                                       Кедендік бақылау агенттігі
                                              төрағасының 
                                      2003 жылғы 27 мамырдағы N 247
                                         бұйрығымен бекітілген
                                     Кедендік төлемдерді, салықтарды
                                        және өсімпұлдарды бюджетке
                                      аударудың және артық төленген
                                     кедендік төлемдерді, салықтарды
                                       және өсімпұлдарды есепке алу
                                      мен бюджеттен қайтарып алудың
                                                 ережесіне
                                                 3-қосымша

Кеден органының СТН  __ __ __ __ __ __ __ __ __       

Төлеушінің СТН       __ __ __ __ __ __ __ __ __

Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша
есептерді салыстыру актісі

"___" _________  200__ жылдан  "___" _________  200__ жыл ішіндегі
кезеңде кедендік кірістер бөлімінің қызметкері мен төлеуші кедендік
төлемдер мен салықтар бойынша есептерді салыстыруды жүргізді

____________________________________________________________________ 
                 Бастапқы сальдо     Есептелді        Азайтылды
                   (алынбаған -,
                  артық төленген +)
                ____________________________________________________
                   кедендік  өсім    кедендік  өсім   кедендік  өсім
                   төлемдер  пұлдар  төлемдер  пұлдар төлемдер  пұл.
                   немесе            немесе           немесе    дар
                   салықтар          салықтар         салықтар
____________________________________________________________________
          кеден
          органының
Кедендік  деректері
төлемнің  бойынша
немесе
салықтың  төлеушінің
атауы     деректері
мен коды  бойынша

          Айырма.
          шылығы
          (+,-)
____________________________________________________________________
          кеден
          органының
Кедендік  деректері
төлемнің  бойынша
немесе
салықтың  төлеушінің
атауы     деректері
мен коды  бойынша

          Айырма.
          шылығы
          (+,-)
____________________________________________________________________
және т.б.
____________________________________________________________________
Жиынтық:
____________________________________________________________________                                                                   

таблицаның жалғасы
___________________________________________________________________
      Төленді            Қайтарылды      Кезең соңындағы сальдо
                                              (алынбаған -,
                                            артық төленген +)
___________________________________________________________________
   кедендік  өсім      кедендік  өсім     кедендік  өсім
   төлемдер  пұлдар    төлемдер  пұлдар   төлемдер  пұлдар
   немесе              немесе             немесе
   салықтар            салықтар           салықтар
____________________________________________________________________      

Салыстыру акт жасалған күн "___" ____________ 200__ ж.

Кеден органында салыстыру акт тіркелген
күн және нөмірі "___" ____________ 200__ ж.

Кедендік кірістер бөлімінің бастығы: ____________________________
                                               (қолы)
         Төлеуші:         _______________________________________
                                             (қолы)