Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 11 сәуiрдегi N 487 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы N 461 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегi агенттiгiнiң "Денсаулық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Pecпубликасы Денсаулық сақтау министрлігінiң "Медициналық қызметтiң сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) деп қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Кәсiпорны мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі