Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.12.12 № 890 (қол қойған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
      Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2003 жылғы 18 сәуiрдегi N 7-9-1851-03 қарсылық бiлдiруiне байланысты бұйырамын: 
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң 2000 жылғы 14 шiлдедегi N 439 "Қазақстан Республикасының халқына көрсетiлетiн медициналық көмектің сапасына талдау және бағалау жүргiзу туралы" бұйрығына  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2000 жылғы 14 шiлдеде N 1195 болып тiркелген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында кепiлдендiрілген тегін медициналық көмек көрсету сапасын талдау және бағалау Ережесiнде: 
      9-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын; 
      көрсетілген Бұйрықпен бекiтiлген дәрiгер-сараптаушының қызметiн ұйымдастыру Ережесiне: 
      4-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын. 
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә. Диқанбаеваға жүктелсiн. 
      3. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуден өткен сәтінен бастап күшiне енедi. 
Министр