Қазақстан Pecпубликасы Үкiметінің 1997 жылғы 2 қазандағы N 1402 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 мамырдағы N 439 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 шілдедегі N 735 қаулысымен. ~P030735

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.12.12 № 890 (қол қойған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2003 жылғы 18 сәуiрдегi N 7-9-1851-03 қарсылық бiлдiруiне байланысты бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң 2000 жылғы 14 шiлдедегi N 439 "Қазақстан Республикасының халқына көрсетiлетiн медициналық көмектің сапасына талдау және бағалау жүргiзу туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2000 жылғы 14 шiлдеде N 1195 болып тiркелген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында кепiлдендiрілген тегін медициналық көмек көрсету сапасын талдау және бағалау Ережесiнде:
      9-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
      көрсетілген Бұйрықпен бекiтiлген дәрiгер-сараптаушының қызметiн ұйымдастыру Ережесiне:
      4-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә. Диқанбаеваға жүктелсiн.
      3. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуден өткен сәтінен бастап күшiне енедi.

      Министр