Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының офицерлiк құрам, прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарындағы келісiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы ережелерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 373 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006.08.17. N 777 қаулысымен

      Орал өзенінің арнасын су шайып кетуін және Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының елді мекендерін су басып қалуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Батыс Қазақстан облысының әкіміне Жайық өзенінде жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізу үшін 218 (екі жүз он сегіз) миллион теңге бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Батыс Қазақстан облысының әкімі 2003 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп берсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі