"Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) нотариат мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінен қайтарып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 сәуірдегі N 360 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 тамыздағы N 899 қаулысымен енгізілген Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) нотариат мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентінен қайтарылып алынсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі