Мемлекеттік ресурстар астығын сатудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 наурыздағы N 252 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдерінің аппараттары штат санының лимиттері және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі орынбасарларының шекті саны туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 шілдедегі N 985  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      "Атырау" деген жолдағы "Оның ішінде әкімнің орынбасарлары (бірлік)" деген бағанда "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
      "Жиыны" деген жолдағы "Оның ішінде әкімнің орынбасарлары (бірлік)" деген бағанда "65" деген сан "66" деген санмен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі