Академик Манаш Қозыбаевты мәңгі есте сақтау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 5 ақпан N 134

      Аса көрнекті тарихшы ғалым, елдің көрнекті қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғалым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының және Президенттің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты Манаш Қабашұлы Қозыбаевті мәңгі есте сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Алматы қаласының әкімі:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен  Алматы қаласы көшелерінің біріне академик Манаш Қозыбаевтың есімін берсін;
      2) академик Манаш Қозыбаев тұрған және жұмыс істеген мынадай мекен-жай мен бойынша: Алматы қаласы, Қонаев көшесі,№N 162 үйде сынтас орнатсын.

      2. Қостанай облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссияға Қостанай қаласында N 23 орта мектепке академик Манаш Қозыбаевтың есімін беру туралы ұсыныс енгізсін.

      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссияға Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне академик Манаш Қозыбаевтың есімін беру туралы;
      2) А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде академик Манаш Қозыбаев атындағы екі стипендия және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бір стипендия тағайындау туралы ұсыныс енгізсін.

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі "Қазақстанның өнегелі адамдарының өмірі" сериясы шеңберінде академик Манаш Қозыбаевтың өмірі мен қызметіне арналған кітап шығаруды жүзеге асырсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі