Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер әдiлет министрлiктерiнің ынтымақтастығы туралы келiсiмге қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 28 қаңтар N 97

      Спopттық peзеpвтi және ұлттық құрамa командаларды сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi
агенттiгінiң Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын. 

      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi, соның iшiнде олимпиада резервiн және республиканың ұлттық құрама командаларының мүшелерiн даярлауды жүзеге асыру Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi
агенттiгi заңнамада белгiленген тәртіппен бiр ай мерзiмде:
      1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне
бекiтуге енгiзсiн;
      2) әдiлет органдарында Кәсiпорынның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі