"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сот ісін жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінен қайтарып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 22 қаңтар N 73

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң "Қазақстан Республикасының академиялық классикалық би ансамблi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк академиялық би театры" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсім министрлiгiнiң Мәдениет комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды әдiлет органдарында қайта тiркеудi қамтамасыз етсiн.

      3. <*>
       Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.24. N 1172   қаулысымен .

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі