Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Алматы" әскери санаторийі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 21 қаңтар N 68

      "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Ic-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 2 тамыздағы N 864  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агрохимия қызметi республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.

      2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi топыраққа агрохимиялық зерттеу жүргiзу жөнiндегi топырақ-агрохимиялық зертханалардың қызметiне орталықтандырылған ғылыми-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру және тыңайтқыштар мен агрохимикаттарды ұтымды қолдану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн;
      2) Мекеменiң әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.

      4. <*>
       Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604   қаулысымен .

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі