Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 сәуірдегі N 487 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 15 қаңтар N 17. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 105-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мынадай мемлекеттік мекемелері құрылсын:
      1) "Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы";
      2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 13.11.2015 № 911 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.11.2015 № 911 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604 қаулысымен.
      4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі